Тiптi де мәңгi зарлатып жылатады. Егерде балаларымызға да осы зор маңызды ақиқаттарды үйретiп, шынайы мейiрбандығымызды орынсыз қолдан-бай, дұрыс көрсетсек, аналық борышымызды шын мәнiнде толық атқарған боламыз.
Рисале-и Нұр жайында өте керемет баяндалған конференцияны, нұрлы хаттар мен тамаша жазылған мақтауларды қамтыған бiр кiтапты Бурсадан арнайы алдырдық. Оқыған сайын, тыңдаған сайын қатты қуанып, жанымызға жылы тиiп, рухтанып қаламыз. Оларды жазып, Нұрға шәкiрт болған бауырларымыздан Жәнабы Хақ разы болсын, әмин.....
Дұғаңызға мұқтаж Ыстамбұл әйелдерi
(Иманға жан қиярлықпен қызмет еткен бiр әйелдiң өлеңi)
Рисале-и Нұр жазушысы ардақты Ұстазыма арнаймын.
Нұрдың рухани қылышын қолына алған,
Шауып жатыр мұнафықтардың109 белi мен басынан.
Ұстазымның әрбiр айтқан сөзi даналық,
Сондай нұрлы тiлiне Жасаған Ием iлiм дарытқан.