ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | 116
(1-151)

Егерде балаларына мәңгi ақыреттегi өмiрлерiн құтқаратын иман сабақтары берiлмесе, бұған немқұрайды қарап, тек уақытша пәни дүние тiршiлiгiне үйретiп, солай тәрбиелесе, онда балаға деген мейiрбандық орынсыз пайдаланылған боп шығады. Баласының дүниеде, әрi ақыретте пәлекетке ұшырауына себепшi болған бiр мейiрбандық болады.Балаларымызды мәпелеп, басынан сипап, оларға сүйiспеншiлiкпен былай деймiз:

“Айналайын, шырағым, Рисале-и Нұр сенi дүниеде, ақыретте бағыңды ашып, бақытқа жеткiзетiн ең үлкен нағыз шынайы дiни кiтап, әрi иман сабақтарының жиынтығы. Оқудан мақрұм қалып, иман сабақтарын қазiр алмасаң, әуелi дүниеде,сосын ақыретте бақытсыздыққа ұшырайсың және қатты өкiнесiң, қарағым”, деп Рисале-и Нұр жайында жазылған хаттар мен жырларды, мақтау өлеңдер мен жырларды оқып, әрi оларға да оқытып, Рисале-и Нұрға деген сүйiспеншiлiктiң жүректерiнен орын алуын, ұлылығын көкiректерiне құя берудi жалғастыра беремiз. Дұғаңыздың арқасында, Рисале-и Нұрдың тәлiм-тәрбиесiмен Құдай қаласа, балаларымыз Исламға, әрi өзiмiзге және ұлтымызға қайырлы да дiндар жеткiншектер болып есейедi.

Мүбәрак ұстазымыз!

Сүйiктi Раббымыздың рақымдылығымен жүрек-терiмiзден орын алған сүйiспеншiлiгiмiздi қалайша өзiмiздi мәңгi бақытқа жеткiзетiн иман дәрiстерi мен Рисале-и Нұрға, сiздей ұстазымыздың жолына арнамаймыз?! Басқа жолға арнасақ, бiздi дүние мен ақыретте байбайлата-ды,кесiрге соқтырады.

Дыбыс жоқ