Сондай-ақ, ата-аналарыңа нағыз пайдалы, көмекшi перзент бола аласыңдар. Сендер сөзсiз бейкүнә жансыңдар, әлi күнәларың жоқ. Манағы ақ ниетпен оқысаңдар, сендердi Рисале-и Нұрдың бейкүнә шәкiрттерiмен бiрге қабыл алып, сонда барлық шәкiрттердiң дұғаларына ортақ боласыңдар. Әрi жүзiнен нұр шашқан, мүбәрак шәкiрт атанасыңдар.
Сендердiң ұстаздарыңды, өздерiңдi, ата-аналарыңды және мемлекеттерiңдi құттықтаймын.
Саид Нұрси
Аса қадiрлi, өте мүбәрак және тым рақымды Ұстазымыз!
Бұдан алдын небiр қиын күндердi, небiр қаралы күндердi бастан өткiздiк. Балаларымызға Құран сабағына барудың өзi тиым салынған едi. Мектептерде де дiни сабақтар тоқтап қалған болатын. Рисале-и Нұр жазғандарды сотқа беретiн едi. Сiздей өте мүбәрак Ұстазымызға дiн дұшпандары көптеген қастандықтар жасады. Қыруар жәбiр көрсеттi. Рисале-и Нұр жазды, дiнге жаңадан үлкен күш-қуат қосты, мұсылманшылықты дамытты деп сiзге өлiм тiлеп, арам қылықтарын iстеп бақты. Бiз сондай қиын күндерде жылап-сықтап: “я, Раббым! Ұстазымызды бәледен сақта. Дiнiмiз бен Ұстазымызға, Рисале-и Нұрға дұшпан болғандарды жер жастандыр!” деп Аллаhқа жалбарынушы едiк. Бейне бiр көзiмiзден қанды жастар ағып, көлдей болды. Ақырында Жәнабы Хақ сiздей ұстазымызды сақтап қалды, дiнсiздер де құлады. Мұсылманшылықты жоюға тырысып баққандар бет-бетiмен кеттi. Сiздей ұстазымыз болса, дiни қызметiңiзде жеңiп шықтыңыз. Ұлтымызды дiнсiздердiң залалынан құтқарып, жеңiске жеттiңiз.