ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | 111
(1-151)

Мiне, кебiнге оранған күйi көрiме кiрдiм. Жаназа шығарушылар да менi тастап кетiп қалды. Сенiң кешiрiмiң мен рақымыңды үмiттене күтiп жатырмын. Әрi айдан анық көргенiм, Сенен басқа арқа таяныш пен сиынар пана жоқ. Күнәлардың жамандығы мен жан түршiктiрер қасiретiнен, әрi көрдiң тарлығынан қинала бар даусыммен жылап, қиыла сұраймын:

Медет бере көр! Медет! Медет! Я Рахман! Я Хәннан! Я Мәннан! Я Дәййан!107 Менi нашар күнәларымнан арылтып, жамандығынан құтқар, қабiрiмдi кеңейт, я Иләhи! Сенiң Рақымдылығың - менiң арқа сүйерiм, әрi барша әлемге рақымдылық сыйлаған сенiң Сүйiктi Досың - Рақымдылығыңа бөлену үшiн менiң себепкерiм. Сенiң үстiңнен шағым айтпаймын, қайта мына халiме және өзiме наразы болып, саған шағымданамын.

Уа, Халиқы Кәримiм және Раббы Рахимым! Сенiң Саид атты жаратынды құлың, басы жұмыр пендең - күнәhар, әрi шарасыз, әрi бейқам, әрi орашолақ, әрi науқас, әрi жексұрын, әрi сотанақ, әрi қартайған, әрi сойқаншыл және Қожайынынан қашқан бiр құл бола тұра, қырық жылдан кейiн есiн жиып, Сенiң құзырыңа қайтқысы келедi. Сенiң рақымдылығыңды қиыла сұрайды. Сансыз күнәлары мен қателерiн мойындайды. Шырмалған ойлар мен әр түрлi ауруларға душар болған. Саған жал-барынып, сенен көмек тiлейдi. Егерде асқан мейiрiм-дiлiгiңмен оны қабыл алып, кешiрiп, рақымдылық жасасаң, әрине, негiзiнде бұл тек Сенiң қолыңда... Өйткенi рақымдылардың рақымдысысың. Егер қабыл алмасаң, Сенiң есiгiңнен басқа қай есiкке барайын?... Қайсы есiкке жалынайын?... Құзырына шығып жалынатындай Сенен басқа Раббым жоқ қой... Өтiне сұрайтындай Сенен басқа Хақ Мағбудым108 жоқ қой...

Дыбыс жоқ