ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | 108
(1-151)

Сондай-ақ, Құдай қаласа жастар, әрi осы сәбилердiң өздерi құдайсыздар мен дiнсiздердiң, имансыздардың кесiрлерiнен аман қалып, құтылатындарының бiр белгiсi. Сондықтан олар мұндай таңданарлық әрекеттерiмен көрсетуде.

Саид Нұрси.

Ия, бiз де бұл жағдайды өз көзiмiзбен көрдiк.

Қызметiнде болған Нұр шәкiрттерi.

(Он жетiншi лемадан үзiндi)

Он екiншi мақала

Уа, бұл мақалаларды тыңдаған достарым! Менiң әдеттегiден ерекше, Раббымның104 алдында жүрегiмнiң құпиялануы қажет болған өтiнiштерi мен тiлектерiн, дұғаларын кейде жазуымның себебi: өлiм тiлiмдi сөйлетпей қоятын кездерде тiлiмнiң орнына кiтабымның сөйлеуiн Аллаhтың рақымынан өтiну екенiн бiлiп алыңыздар. Иә, қысқа ғана өмiрде шексiз көп күнәларымды жуып шаятын уақытша тiлiмнiң айтқан тәубалары мен өтiнiштерi жеткiлiксiз. Тұрақты және бiршама мәңгi қалатын кiтаптың тiлi анағұрлым көп әжетке жарайды.

Дыбыс жоқ