Мұндай халге мен де, қасымдағы бауырларым да және көргендердiң бәрi де таң қалушы едiк. Бұл жағдайды осы маңайда ғана емес, барлық жерде көрдiк. Тiптi ауылдарда да осы жағдай қайталанып отырды.
Алдамайтын бiр ақиқат ескертiлiп, мен және қасымдағы достарым мынаған көз жеткiздiк :
Осы бейкүнә сәбилер жазықсыз болғандықтан “табиғи ұмтылыс” деп аталатын алдын ала сезгiш қабiлеттерiмен Рисале-и Нұрдың бұл мемлекеттегi жазықсыз сәбилер мен өздерiне көптен-көп пайдасы тиетiнiн күнi бұрын сезiп, ой-өрiстерi мен ақылдары жетiп түсiнбесе де, сондай жазықсыз сезiммен Рисале-и Нұрдағы мағыналар үшiн оның аудармашысына туған аналарынан да артық ынтыға құштарланып, ұмтыла жүгiредi. Бiз де бұлардың қошеметiне қарап, болашақта осы жазықсыз титтей сәбилердiң iшiнен көпшiлiкке танымал үлкен Нұршылар шығатынын, әрi Нұрдың дара шәкiрттерi атанатынын күнi бұрын бiлiп, сезiнудемiз. Мен де осы кiшкентай бейкүнә балаларды дүниеде бала-шағам болмағандықтан, былайша мағыналық тұрғыдан, балаларым деп, барлығын дұғаларыма қостым. Күнделiктi таңертең Нұр шәкiрттерiмен бiрге бұларды да дұғаларымда атап жүрмiн.