ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | 107
(1-151)

Сондай-ақ, олардың iшiндегi бейкүнә бiреуiн қырық жастағы селқос адамнан да артық көруiмнiң себебi: бұлар күнәсiз болғандықтан және ағынан жарыла ынта-ықыласымен берiлетiндiктен, әлбетте, оларды жұмылдыратын бiр ақиқат бар деп, үлкендерге қошемет- пен сәлем бергенiмдей, мен де олардың қошеметтеп берген сәлемдерiн алып жүрдiм. Олардың бейкүнә және болашақта нағыз Нұршы болуларына байланысты арнаған дұғаларын өзiм үшiн қабыл болады деп, оларға былай дер едiм:

Расында сендер мағыналық тұрғыдан менiң бала-ларым болдыңдар, сондықтан мен сендерге дұға жасау-дамын. Сендердiң күнәларың жоқ, сол үшiн маған арнаған дұғаларың Құдай қаласа мен үшiн қабыл болады. Сендер маған дұға жасаңдар. Себебi мен қатты науқаспын.

Менiң және қасымдағы бауырларымның зор үмiтпен байқағанымыз: құдайсыздар мен дiнсiздердiң құрған жоспары бойынша большевизм бағытымен жастарды тәрбиелеу үшiн бiр кездерде кейбiр мектептер ашылып, соңыра өзгертiлген осы мектептерде жастарды бұзу үшiн жасаған iс-қимылдарына қарсы Исламның қаhарман ту ұстаушы жауынгерi болған түркi халқының бейкүнә кiшкентай сәбилерi нұрлы көздерiн ашып, көкiректерiн оятып, алдын ала сезгiш қабiлеттерiмен Нұрлардан тәлiм-тәрбие алулары - жастардың басына келген әлгiндей апатқа қарсы жауап екендiгiне көзiмiз жеттi.

Дыбыс жоқ