Аятта ап-айқын
деп айтылғанның мағынасы: Шариғат парыздарын өтеуге мәжбүр болмаған, әрi сүннет тұрғысынан да орындамаған және балиғат жасына жетпей дүние салған балалар Жәннатқа лайық, сүйкiмдi бала болып қалады. Бiрақ жетi жасқа толған балалардың намаз сияқты парыздарға дағдылануы үшiн оларды ынталандырып, оқыту - шариғатта бар. Сосын олар он жасқа толғанда, қатаң түрде намаз оқытып, дағдыларындыру да бар. Демек уәжiп болмаса да,нәпiл103 түрiнде жетi жасынан балиғат жасына дейiн үлкен дiндар сияқты намаз оқып, ораза тұтқан балалар - үлкен кiсiлер сияқты сый-сияпат алу үшiн отыз үш жасында болады деген мәселенi бiрсыпыра тәфсирлер кеңiрек түсiндiрмей, жалпы балаларды қатыстырып айтқан. Бiрлi жарым балаға тән болса да, жалпылама деп ойлаған .
Саид Нұрси.
Емирдағының терең мағыналы естелiгi
Бес жылдан берi дағдылы әдет бойынша, демалу үшiн Емирдағы қаласының атырапында күймелi арбамен қыдырып жүргенiмiзде таң қаларлық оқиғаның куәсi болдық, яғни бiр жастан жетi жасқа дейiнгi титтей балалар әке-шешелерiне деген ықыластарынан да артық құштарланып, күймелi арбаға жүгiрiп жетiп , қолыма ұмтылатын едi. Менi ешқашан көрмеген, еш бiлмейтiн бiр-екi яки үш жастағы сәбилер жалаң аяқ, тiкендi жолмен болса да жүгiрiп, күймеге жетiп алып, бейне бiр үлкен адамдарша қошеметпен сәлемдесiп “Қолыңыздан сүйейiк” деп айтатын-ды.