Мiнеки‚ мыңнан тоғыз жүз тоқсан тоғыз үлеске ие болған Халиқы Рахим, өзiнiң рахметi мен хикметiнiң талап етуi бойынша қазiр сенен баланы алып қызметiң бiттi десе, сөйтiп сен қолыңдағы көз алдайтын бiр ғана үлесiңмен шынайы мың үлестiң иесi болған Аллаhқа қарсы шығып, Оған наразылық танытатындай кейiпте үмiтсiздене зарласаң және бейбастыққа берiлiп жыласаң, иманды кiсiлерге жараспас. Қайта бұл ғафлет жолындағы бейбақтар мен хақ жолдан тайған азғын адамдардың iсi.
Төртiншi нүкте: Егер дүние мәңгiлiк жалғасса, адам iшiнде дәйiм осылай жүрсе, әрi бұл өлiм де мәңгi-бақи болса, онда аянышты қайғырып, жетiмсiреп жылап-сықтаудың және үмiтсiзденудiң мәнiсi болар едi. Бiрақ бұл дүние қонақ үй қызметiн атқарады. Опат болған бала қайда кетсе сiз де, бiз де ол жаққа сапар шегемiз, әрi бұл өлiм тек оның жеке басына ғана қатысты емес. Бұл жол жалпыға бiрдей. Әрi бұл қимай қоштасу мәңгi емес, iлгерiде барзахта, Жәннатта көрiсiледi.
деп айту керек. Берген де Ол, алған да Ол. “Әлхамду лилләhи ала кулли хал97” деп сабыр сақтап шүкiр ету керек.