ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | 99
(1-151)

“Иманды жандардың балиғат жасына жетпей қайтыс болған балалары Жәннатқа лайық бiр бейнеде сүйкiмдi‚ әрi мәңгi сәби болып қалады. Әрi Жәннатқа кiретiн әке-шешесiнiң мейiрiм толы құшақтарына қайта оралып‚ олардың мәңгi қуанышына айналады. Әрi балаға деген сүйiспеншiлiк ‚ мейiрбандылық секiлдi балдай тәттi асыл сезiмдi ата-анасына сыйлайтынын және әрбiр ләззатты нәрсенiң Жәннаттан табылатынын паш етедi. Әрi Жәннат ұрпақ өрбiту орны емес‚ сондықтан балаға махаббат‚ мейiрiм‚ сүйiспеншiлiк те онда жоқ‚ - деген адамдардың шығарған үкiмдерi жаңсақ екенiн хабарлайды. Әрi дүниеде он жылдық қайғы-мұң аралас тар уақыт iшiнде бала сүйiп‚ әлпештеп‚ бағып-қағудың орнына арғы дүниеде сен миллиондаған жылдар бойы өте тамаша‚ қайғы-мұңсыз‚ мәңгi-бақи бала сүйiп‚ мәпелеп рақатқа бөленесiң”‚-деп жұбатады. Иманды жандардың ең үлкен бақыты мiне осылар деп мына

қасиеттi аят қуанышты дәйектер жеткiзедi.

Екiншi нүкте: Баяғыда бiр адам зынданға қамалыпты дейдi. Қасына өте жақсы көретiн баласын жiберген екен. Бұл бейшара тұтқын өзiнiң жан азабын тартады‚ мұның үстiне зынданға келген баласына жағдай жасап‚ бағып-қаға алмағаны үшiн оның да мұң-наласы‚ зәбiр-жапасы қосылады. Адам айтқысыз қатты абыржып‚ жаны ауырады. Соңыра аса қамқор‚ әрi мейiрiмдi патша оған бiр адамы арқылы былай деп хабар жiбередi:

Дыбыс жоқ