-“Расында бұл бала сенiкi‚ бiрақ менiң қол астыма қарайды‚ әрi менiң ұлтымнан. Оны мен өзiме қайтып аламын‚ керемет зәулiм сарайда бағып қағамын.”
Бұл адам болса:
-“Жоқ‚ бұл бала менiң жұбанышым. Оны бере алмаймын”-деп зар еңiреп қоя бередi. Қасындағы достары былай деп ақыл-кеңестерiн айтады:
-“Оу‚ бауырым‚ сенiң өкiнiп жылауың бос нәрсе. Балаға шын жаның ашыса ырыққа көн. Сонда балаң мұндай ыбырсыған лас‚ былғаныш‚ сасық әрi қараңғы қапастан шығып‚ бау-бақшалары жайнаған‚ бақ құсы қонған‚ той-думанға және қуанышқа толы сарайға барады. Егер сен өзiң үшiң қиналып‚ пайдамызға жарайды ғой‚ бәлкiм қолғабысын тигiзер десең‚ сөйтiп бала бұл зындан-да қалса‚ онда уақытша‚ жалған‚ әрi келу-келмеуi неғайбыл пайда табарсың. Сонымен бiрге бұл баланың сан жетпес ауыртпалықтарын мойныңа жүктеп‚ қатты қинала-сың және қыруар қасiретiн шегесiң. Егер сарайға кететiн болса‚ саған тигiзер мың-мыңдаған пайдасы бар. Өйткенi рақымшыл патшаның мейiрiмiне бөленесiң‚ бала да саған шапағатшы болады. Сол кезде патша оны сенiмен жолық-тырғысы келедi.Көрiсу үшiн әлбетте оны зынданға түсiр-мейдi‚ қайта сенi шығарып‚ хас сарайына алып келедi де баламен жолықтырады. Тек қана бiр шарты бар: егер патшаға сенiм артсаң және әмiрiне бойсұнсаң.”
Мiнеки‚ дәл осы мысалға ұқсас‚ әзиз бауырым! Сен сияқты иманды кiсiнiң баласы дүние салғанда былай деп ойлау қажет: