Бесiншi нүкте: Иләhи рахметтiң тым нәзiк, ерекше пәк, әбден ұнамды, өте тамаша, балдай шырын, күндей жарқыраған нұрлы шуағы - шәфқат98 болып табылады. Осы шәфқат нұр шашқан айрықша әсерлi, әрбiр дертке дауа бола алатын дәру. Ғашықтықтан әлдеқайда өткiр. Әрi Жәнабы Хаққа өте шапшаң жеткiзiп қауыштырады. Мәселен, межази99 ғашықтық пен дүниеге деген махаббат көптен-көп асуларды асып, қиындықтардан өтiп барып хақиқи100 ғашықтыққа айналады. Сөйтiп Жәнабы Хақты табады. Сол сияқты шәфқат, бiрақ еш қиындықсыз, ерекше пәк, әрi өте қысқа мерзiм iшiнде адамның жүрегiн Жәнабы Хақпен байланыстырады. Әке болсын, шеше болсын бауыр етi баласын бүкiл дүниедей жан тәнiмен сүйедi. Баланы қолынан алған уақытта егер бақытты, шын иманды жандар болса, жүздерiн дүниеге қаратпай тiкелей Мүним-i Хақиқиды101 табады. Әрi “дүние деген пәни, жалған, көңiлге алуға тiптен арзымайды”,-деп көңiлi жәйланады. Баласы қайда кеткен болса ол жаққа деген ыстық сезiмi оянып, орасан рухани қуанышқа бөленедi. Аллаhты ұмытып, қапы қалған, әрi хақ жолдан адасқан азғын адамдар бұл бес ақиқатта баяндалған шынайы бақыт пен сүйiнiштi хабардан мүлдем мақрұм. Олардың жан түршiгерлiк ауыр халдерi мен шеккен аянышты күйлерi мынаған ұқсайды:
Өлiп-өшiп жақсы көрген сүйiктi жалғыз ғана баласының әлi құрып, жаны үзiлгелi тұрғанын көргенде қатты сасқалақтап, безек қағады. Қу дүниеде бақи жасайтындай қиялдап, ғафлет пен азғындықтың нәтижесiнде өлiмдi мәңгi шiрiп бiту деп долбарсиды.