Рас‚ бұл бала бейкүнә. Оның жаратқан Иесi де Рахим және Кәрим. Менiң оған беретiн жаңсақ‚ қате-кемшiлiгi өте көп тәрбиемнiң‚ мейiрiмiмнiң орнына Оның Жаратушы Иесi өзiнiң асқан қамқорлығына‚ мейiрбанды-лығына алып бөлейдi. Мылқау дүниенiң қайғы-зары‚ қасiретi‚ азабы‚ қорлығы мол зынданынан шығарып, Жәннатул-фирдаусына96 жiбередi. Шiркiн-ай‚ ол бала неткен бақытты жан десеңшi! Егер мына жалғанда қалса‚ кiм бiлiптi қандай күйге түсетiнiн. Сондықтан оған менiң жаным ашымайды‚ қайта оның бағы жанды. Бiр ғана өзiме әкелер пайдасы қалды. Өзiме де жаным ашымайды‚ қатты қапаланып қайғырмаймын да. Өйткенi бұл дүниеде қалса‚ болмашы он жылдық уақытша‚ әрi қайғы-мұңы аралас “балаға деген махаббатты” сыйлар едi. Егер дiншiл болса‚ дүние жұмыстарына қолы ептi болса‚ бәлкiм маған көмегiн тигiзер едi. Бiрақ қайтыс болуымен мәңгi-бақи Жәннатта он миллион жыл бойы перзентiм атанып‚ қуанышқа бөлейдi. Әрi мәңгi бақытқа ие болу үшiн себепкер және шапағатшы. Ендi болу-болмауы неғайбыл‚ дайын тұрған бiр пайданы жоғалтып‚ оның орнына соңыра келетiнi сөзсiз анық мыңдаған пайданы тапқан адам‚ әлбетте‚ аянышты халге түсiп үмiтсiздене жыламас болар.
Үшiншi нүкте: Дүние салған бала бiр Халиқы Рахимның мақұлығы‚ басы жұмыр пендесi‚ жаратылған құлы едi. Әрi бүкiл тұлғасымен Оның ғажайып туындысы және Оған ғана тиесiлi. Ол ата-анасының досы ретiнде олардың қасына уақытша тәрбиеленуге жiберiлген. Әрi ата-анасын оған қызметкер етiп тағайындаған. Осы қызметтерiне жедел еңбекақы ретiнде оларға балдай тәттi шәфқат берген.