ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | 104
(1-151)

Өлiмдi мәңгi айрылысу, түп тамырымен жойылып бiту деп мамық төсегiнiң орнына суық қабiрдiң сыз тартқан топырағын көз алдына елестетiп, тұла бойы өртенедi. Ғафлет немесе азғындыққа түсiп, Әрхамур-Рахиминнiң мейiрiм-шапағатқа толы жәннатын, нығмет-ырзыққа толы фирдаусын96 ойламайды. Сөйтiп жанын қоярға жер таппай қатты қайғырып үмiтсiздiкке салынады. Күйiгi ауырлай түседi. Иә, олардың тартар азабы осындай.

Бiрақ екi дүниенiң бақытына бөлейтiн иман мен Исламият мұсылманға былай деп бұйырады :

“Мына жаны үзiлгелi тұрған сәбидiң Халиқ-ы Рахимы оны ылаң дүниеден шығарып, өзiнiң Жәннатына102 апарады. Саған ақыретте шапағатшы , әрi мәңгi-бақи етiп құшағыңа қайтарады. Бұл айрылысу уақытша ғана. Сары уайымға салынба деп сабыр сақта.”

Саид Нұрси

[Баланың қайтыс болуына байланысты тағы бiр хаттан үзiндi]

“Көңiл айту” хатында баяндалған

аятына байланысты бiрлi жарым ескi тәфсирлер былай деген: “Жәннатта жас баладан өте қария кiсiлерге дейiн барлығы отыз үш жаста болады”. Бiр Құдайға аян, мұның ақиқаты былай болса керек:

Дыбыс жоқ