Жауабы: мәселен‚ сен амалын тауып қиял жылдамды-ғымен байтақ жер жиhанды‚ көптеген жұлдыздарды кезiп‚ көрiп шықсаң “бүкiл әлем менiкi” дей аласың. Ол жерде перiштелер мен адамдардың‚ хайуандардың ортақтасып бiрге болуы сенiң үкiмiңдi бұзбайды. Сол сияқты манағы Жәннат та толы болса “бұл Жәннат менiкi” дей аласың. Хадисте “Жәннатқа лайық болған кейбiр адамдарға берiлген бес жүз жылдық Жәннат” сөзiнiң сыры Жиырма сегiзiншi сөз бен Ықылас лемасында баяндалған болатын.
Тоғызыншы ишарат: Иман және Аллаhқа деген сүйiспен-шiлiктiң нәтижесi: перделi‚ жасырын ақиқаттарды Аллаhтың жарылқауымен бiлген әулиелер мен шыншыл ғұламалар бiр кiсiдей: дүниенiң мың жылдық шаттық өмiрi Жәннат өмiрiнiң бiр сағатына да жете алмайды. Сондай-ақ‚ Жәннаттың мың жылдық өмiрi қасиеттi де пәк ‚ әсемдiк пен мерей иесi болған Заты Зүлжәлалды бiр сағат тамашалауға‚ онымен көрiсуге жетпейдi. Мiне‚ осындай тамашаға куә болатындары кесiмдi хадистер мен Құран-ның айқын аяттарымен расталған (сiлтеме).
Хазретi Сүлеймен93 Ғалейhиссәлам сияқты ұлы кемелдiгiмен аты шыққан мәшhүр бiр құрметтiнi көрудi әркiм-ақ құмартады және Хазретi Жүсiп94 Ғалейhиссәлам тәрiздi сұлулығымен танымал болған бiр қадiрлiнi көру құштарлығы әркiмде бар.