Алтыншы ишарат: Пайғамбарлар мен әулиелердi Құран-ның көрсеткенiндей сүюдiң нәтижесi: сол пайғамбарлар мен әулиелердiң шапағатынан барзахта‚ хаширде пайдаланумен қатар‚ өте ұлы және оларға лайық жоғарғы мәртебелерiне‚ даналығы мен күн дидарлы берекелерiне бөленiп‚ мерейлену. Иә‚
сырына орай: жұпыны адам ең ұлы мәртебеге өзi сүйген ұлы мәртебелi бiр кiсiге бойұсынумен шыға алады.
Жетiншi ишарат: Керемет нәрселерге және көктемге деген орынды сүйiспендiгiң‚ яғни “қандай керемет жаратылған” деп қарап‚ сол жаратындылар көрсетiп тұрған жарату iсiнiң әсемдiгiн‚ жүйелiлiгiн‚ әрi осы жүйелi тәртiп көрсетiп тұрған әсем есiмдердiң сәулелерiн‚ әрi осы әсем есiмдер көрсетiп тұрған сипаттардың әсемдiгiн және тағысын тағы‚ сүюдiң нәтижесi: керемет деп сүйген жаратындылардан да мың есе артық керемет түрде есiмдердiң әсемдiгiн‚ сондай-ақ‚ есiмдердiң iшiндегi сұлулықтары мен сипаттарын мәңгi әлемдегi жәннатта көредi. Тiптi Имамы Раббани (Р.А.)92 былай деген: “жәннаттың әсемдiктерi - есiмдердiң сәулелерiнiң денеге айналған көрiнiстерi”. Ойлан...
Сегiзiншi ишарат: Дүниенi‚ яғни дүниенiң ақырет егiндiгi және Иләhи есiмдердiң айнасы болуы тұрғысынан екi әсем жағын толғана сүюдiң ақыреттегi нәтижесi: дүниенiң үлкендiгiндей‚ бiрақ жалған дүние сияқты пәни емес‚ мәңгi Жәннат берiледi. Әрi дүниеде тек қана көмескi көлеңкелерi көрсетiлген есiмдер әлгi Жәннаттың айна-ларында ең сәулеттi түрде көрсетiледi.