ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | 93
(1-151)

Сондай-ақ‚ он бес жасқа толмаған‚ яғни балиғатқа жетпей қайтыс болған балалар

деп аталатын “Жәннат балалары” түрiнде‚ жәннатқа лайық өте шырын‚ сүйкiмдi бiр пiшiнде оларды жәннатта қайтарып‚ ата-аналарының құшағына бередi. Олардың бала сүю құмарын қандырып‚ сондай мәңгi ләззат пен бiтпес рақатқа бөлейдi. Өйткенi балалар бой жетiп‚ дiни жауапкершiлiк арқаламағандықтан мәңгi сүйiктi, шырын және тәттi бала болып қала бередi. Дүниедегi әр ләззатты нәрсенiң ең жақсысы‚ ұлысы жәннатта болады. Тек қана өте шырын балажандылық‚ яғни балаларын сүйiп‚ әлпештеп‚ еркелету сезiмi - жәннат үрiм-бұтақ көбейту жерi болмағандықтан жәннатта жоқ деп айтылып келдi. Мiне‚ мұндай жағдайда ол да болады екен. Әрi өте ләззатты‚ өте шырын түрде болады екен. Ендеше балиғатқа жетпей баласы өлiп кеткен жандарға сүйiншi!

Бесiншi ишарат:

үкiмi бойынша дүниеде‚ iзгi де сүйiктi достарға деген махаббаттың нәтижесi: Жәннатта

деп аталатын‚ олар бiр-бiрiне қарама-қарсы орналасқан жәннат орындықтарында отырып тәттi‚ көңiлдi‚ шырын және қызықты түрде дүниедегi оқиғаларды‚ әрi бастан өткен ескi естелiктердi бiр-бiрiне шаттана айтып‚ көңiл көтеретiндерi‚ сондай-ақ‚ айрылмастай қосылып‚ мөлдiр таза және ыстық сезiммен сұхбаттасып‚ сүйiктi достармен жүздесетiндерi Құранда айқын баяндалған.

Дыбыс жоқ