ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | 90
(1-151)

Манағы алуан қилы сүйiспен-шiлiктiң жоғарыда аталған дүниедегi нақты нәтижелерiн әркiм-ақ жүрегiмен сезедi. Әрi еш шүбәсiз дәлелденедi. Ақыреттегi нәтижелерi болса, олардың анық iске асатынын және ақиқаттық болғанын Оныншы сөздiң жарқын, әрi үзiлдi-кесiлдi баяндаған қысқаша он екi ақиқатында, сондай-ақ, Жиырма тоғызыншы сөздiң айдан анық алты бөлiмiнде дәлелденген. Сол сияқты қысқаша

болып табылатын Құраны Хакимның дәлелдi аяттарында да айқындалып, көрсетiлiп, бекiтiлiп, ишаратталып кесiмдi түрде айғақталған. Басқа ұзақ дәлелдер келтiрудiң қажетi жоқ. Негiзiнде басқа Сөздер мен жәннат туралы баяндайтын Жиырма сегiзiншi сөздiң арапша жазылған екi тарауында және Жиырма тоғызыншы сөзде көптеген айғақтар келтiрiлген.

Бiрiншi ишарат: Тәттi тағамдар мен тiл үйiрер жемiстердi шүкiрiмен қатар орынды сүюдiң ақыреттегi нәтижесiне келер болсақ, Құранда айтылғандай: Жәннатқа лайық бейнеде тәттi тағамдар мен керемет жемiстер ұсынылады. Сондай-ақ, тағамдар мен жемiстерге зауқы соғып, сүйсiне жейдi. Тiптi дүниеде жемiс жеп отырғанда айтылған “әлхамду лилләh” сөзi жәннат жемiсiнiң кейпiне енiп, қайтадан саған ұсынылады.

Дыбыс жоқ