ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | 87
(1-151)

деген екен. Яғни “әттең жастық шағым бiр күн айналып келсе ғой, кәрiлiк менiң басыма небiр қиындықтар алып келгенiн шағым айтып, жеткiзер едiм.”

Көктем сияқты әсемделген көрмелерге махаббат болса, әрине, Иләhи өнер туындыларын тамашалау тұрғысынан. Көктем кеткенiмен, оны тамашалаудың ләззаты қалады.

Өйткенi көктем алтынмен жазылған хат тәрiздi: оның бiлдiрген мағыналарын әр кезде қызықтауыңа болады.

Сенiң қиялың мен уақыт, екеуi де кинопленкалар сияқты саған тамашалаудың ләззатын жалғастыра бередi. Әрi сол көктемнiң мағыналары мен сұлулықтарын саған жаңадан қайталап отырады. Сонда сенiң махаббатың қайғылы, өкiнiштi, уақытша емес, қайта ләззатты, қуанышты болады.

Дүниеге деген махаббат егерде Жәнабы Хақтың атынан болса, сонда дүниенiң қорқынышты жаратылыстары саған таныс достардай көрiнедi. Ақыреттiң егiндiгi деп сүйгенiң үшiн әрбiр нәрсесiнен ақыретке пай-да беретiн бiр байлық, бiр нәтиже таба аласың. Қайғылары сенi қорқыта алмайды да, қорлығы мен азабы сенi қина-майды да. Сол қонақ үйде өз уақытыңды көңiлдi өткiзiп рақатқа батасың. Әйтпесе қапы қалған дүниеқорлар сияқты сүйсең, саған жүз мәрте айтқанымыздай: азапты, қайғылы, жан қинайтын, опасыз, жалғанға тұтқын, әрi нәтижесiз махаббатқа батып кетесiң.

Дыбыс жоқ