ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | 84
(1-151)

Балаларыңа деген сүйiспеншiлiк болса, Жәнабы Хақтың сенiң бақылауыңа және тәрбиеңе аманат етiп , тапсырған тартымды, сүйкiмдi пенделерiне арнаған сүйiспеншiлiгiң - бағы жанған сүйiспеншiлiк және зор нығмет. Олардың қайғыларымен көп қайғырмайсың да, әрi өлiмдерiнде үмiтсiздiкке салынып күйiне жыламайсың да. Жоғарыда баяндағанымыздай: “олардың Жаратушысы Хаким, әрi Рахим болғандықтан олар үшiн бұл өлiм - бақыт” деп айтарсың. Өзiң үшiн де оларды саған берген Жаратушының мейiрiмiн ойларсың. Сөйтiп айрылысудың азабынан құтыларсың.

Жақындарыңа деген сүйiспеншiлiк болса, әрине, Аллаh үшiн, әрi сол жақындарыңнан жырақта қалуың, тiптi өлiмдерi де орталарыңдағы қатынас пен жақындыққа бөгет емес. Сондықтан осы рухани сүйiспендiк пен қатынас жалғасып, қосылыстың ләззаты мәңгi қалады. Аллаh үшiн болмаса, қосылыстың бiр күндiк ләззаты айрылыстың жүз күндiк қайғысын шектiредi. (сiлтеме).

Пайғамбарлар мен әулиелерге деген сүйiспеншiлiк болса, қапылдықта жүрген дүниеқорларға қараңғы, қорқынышты көрiнген барзах әлемi саған сол нұрлы кiсiлердiң арқасында нұрланып, жарқыраған сарайлар бейнесiнде көрiнедi.

Дыбыс жоқ