Сұрақ: Пайғамбарлар мен әулиелерге деген сүйiспеншiлiк қалайша пайдасыз қалады?
Жауап: Жаратушыны “үш құдай”дейтiн христиандардың Хазретi Иса Ғалейhиссәламға және Рафизилердiң85 Хазретi Әли( Р.А)-ға деген сүйiспеншiлiктерiнiң пайдасыз қалғаны сияқты.
Егер осы сүйiспеншiлiктер Құранның айтып үйрет-кенiндей және Жәнабы Хақ үшiн, Рахманның сүйiспен-шiлiгiнiң атынан болса, онда бұл дүниеде және ақыретте керемет нәтижелерi бар.
Тәттi тағамдар мен ләззатты жемiстердi дүниеде жақсы көруiң - қайғысыз нығмет және шүкiр ете отырып рақаттану болып табылады.
Нәпсiңе сүйiспеншiлiк болса, оған жаның ашып, тәрбиелеп, зиянды құмарлықтардан аулақ ұстау демек.
Сонда нәпсi сенiң мойныңа мiне алмайды, сенi құлқын құмарлығына тұтқын ете алмайды, қайта сен оған мiнiп, құлқын құмарлыққа емес, құдайшылдыққа бағыттайсың.
Өмiрлiк жарыңа деген сүйiспеншiлiк болса, әрине, iшкi дүниесiнiң сұлулығына, мейiрiм-шапағаттың қайнары және Жаратушының мейiрiмiнiң сыйы болғаны үшiн арналған.