ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | 79
(1-151)

Хикмет пен әдiлеттiк iшiндегi “Рахманиррахим” мен “Хақ” есiмдерiн кең түрде көргiң келсе‚ мына мысалға құлақ сал:

Бiр әскери гарнизонда төрт жүз ұлттың өкiлдерi бар делiк. Әрбiр ұлттың өз алдына ұнатқан киiмi бөлек‚ жақсы көретiн тамақтары бөлек‚ жақсы қолдана алатын қарулары бөлек‚ ауруларына қарай пайдаланатын дәрi-дәрмектерi басқа басқа болса да‚ төрт жүз ұлттың барлығы рота-ротаға бөлiнбейдi. Қайта бiр-бiрiмен араласып-құраласып тұрса‚ теңдессiз бiр патша‚ оларды асқан қамқорлығынан‚ мейiрiмiнен‚ әдеттен тыс құдiретiмен, таңқаларлық бiлiмiмен қамтып‚ асқан әдiлеттiгi мен хикметiнен олардың ешқайсысын шатастырмай‚ ешбiрiн ұмытпай‚ барлығының бөлек-бөлек, әрi өздерiне лайықты киiмдерiн, тамақтарын, дәрi-дәрмектерiн, қару-жарақтарын көмекшiсiз жеке өзi тауып берсе. Сонда, шiркiн-ай, ол патшаның қаншалықты құдiреттi, мейiрiмдi, әдiлеттi, жомарт екенiн түсiнерсiң. Өйткенi бiр бөлiмшедегi он ұлттың өкiлдерiн басқа басқа киiндiрiп, қамтамасыз ету өте қиын болғандықтан қалай болса да амалсыз бәрiн бiрдей киiндiрiп, қамтамасыз етедi.

Дыбыс жоқ