ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | 78
(1-151)

Сондай-ақ‚ кiндiктес жатқан‚ айрылып қалудан қайғырған барша адамдарыңды өлер алдында түпсiз жоқтықтан құтқарып бұл дүниеден де керемет басқа жерге қоныстандырған бiр Жасағанның “Уарис74”‚ “Баис75”‚ “Бақи”‚ “Кәрим”‚ “Мухии76” және “Мухсин77” есiмдерiне жаның қаншалықты мұқтаж екенiн назар аударсаң аңғарарсың.

Мiне‚ адам баласының мәнiсi зор‚ жаратылысы жан-жақты болғандықтан мыңдаған алуан түрлi қажеттiлiктерi арқылы Иләhи мың бiр есiмге және әрбiр есiмнiң көптеген дәрежелерiне табиғатынан мұқтаж. Асқан қажеттiлiк - құштарлық. Асқан құштарлық - сүйiспен-шiлiк. Асқан сүйiспеншiлiк болса‚ ғашықтық болып табылады. Рухтың дамуына байланысты болған сүйiспеншiлiктiң дәрежелерi Аллаhтың есiмдерiнiң дәрежесiне қарай артады. Бүкiл есiмдерге деген сүйiспеншiлiк болса - себебi ол есiмдер Заты Зүлжәлалдың сипаттамалары мен көрiнiстерi болғандықтан‚ Шынайы Сүйiспеншiлiкке айналады. Қазiрге мысал ретiнде мың бiр есiмнiң тек “Әдiл”‚ “Хакам”‚ “Хақ” және “Рахим” деген есiмдерiнiң мыңда бiр дәрежелерiнен бiр дәрежесiн баяндаймыз. Былайша:

Дыбыс жоқ