ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | 75
(1-151)

Кейде патша ондай нәпсiқұмар махаббатты ұнатпай‚ одан жеркенедi. Сондай-ақ‚ алманың ләззаты да аз және ұмытылады. Алманы жеп болған соң‚ ол ләззат та қашып‚ артынша өкiнiш қалдырады.

Сiлтеме- бiр кездерi екi ру басы патшаның алдына кiрiптi. Мысалда айтылған жағдай шынында да болған екен

Екiншi сүйiспеншiлiк: алма iшiндегi алма арқылы көрсетiлген ғажап қошемет. Бейне бiр сол алманы ғажап қошеметтiң нышаны және үлгiсi деп‚ алманы басына қойған адам‚ патшаны сүйетiнiн бiлдiредi. Әрi жарылқауының нышаны болған сол алмадағы ләззаттың үлкендiгi сондай‚ мыңдаған алманың ләззатынан да артық.

Мiне‚ осы ләззат нағыз шүкiрдiң өзi. Осы сүйiспеншiлiк те - патшаны қасиет тұтып‚ оған арналған сүйiспеншiлiк.

Сол сияқты барлық нығметтер мен жемiстердi өзiндiк қасиетi үшiн жақсы көрсе‚ тек тәттiлiгi үшiн Жаратушы-

сына мән берместен‚ рақаттана ләззат алса‚ ол махаббат нәпсiге арналғаны. Ләззаттары да уақытша және өкiнiштi.

Дыбыс жоқ