Сондай-ақ‚ өмiрдi Жәнабы Хақтың адамдарға және саған берген ең қымбатты мәңгi өмiрге себепшi болатын бiр байлық қоры‚ мәңгi өркениеттiң жабдықтарына толы бiр қазына деп сүю‚ қорғау‚ әрi Жәнабы Хақтың қызме-тiнде қолдану - тағы да бiр жағынан Жаратқанға тиесiлi.
Сондай-ақ‚ жастық шақтың балғындығын‚ әсемдiгiн Жәнабы Хақтың нәзiк‚ тәттi және керемет сыйлығы деп бiлiп ұнату‚ жақсы көру‚ орынды қолдану - шүкiрмен бiрге орынды сүю болып табылады.
Сондай-ақ‚ көктемдi Жәнабы Хақтың нұрлы есiмдерiнiң ең әсем‚ керемет оюлары салынған бiр парағы және Саниы Хакимнiң қымбатты өнер туындыларының ең сұлу‚ тамаша безендiрiлген өнер көрмесi деп бiлiп‚ ойлана, таңдана сүю - Жәнабы Хақтың есiмдерiн сүю.
Сондай-ақ‚ дүниенi ақыреттiң егiндiгi‚ Иләhи есiм-дердiң айнасы‚ Жәнабы Хақтың хаты және уақытша бiр қонақ үйi деп‚ жүгенсiз нәпсiге берiлмей сүю - Жәнабы Хаққа деген сүйiспеншiлiктiң белгiсi.