ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | 71
(1-151)

аяты баланың ата-анаға бес түрлi құрмет көрсетiп‚ қамқорлық жасауын әмiр етуi‚ Құран алдында ата-ананың хұқықтары қаншалықты маңызды екендiгiн және оларға қарсы келудiң қаншама жат қылық екенiн көрсетуде. Иә‚ әке басқа бiреудiң емес‚ тек баласының өзiнен де жақсы болуын тiлейдi. Оның алдында баласы әкесiне қарсы шығуға хақысы жоқ. Демек ата-ана мен бала арасында дау-жанжал боларлықтай жаратылыстан келген себеп жоқ. Себебi дау-жанжал я қызғанудан‚ я көре алмаушылықтан туады. Ал‚ балаға деген әкеде ондай нәрселер жоқ. Яки дау-жанжал әдiлетсiздiктен өрбидi. Иә‚ бала әкесiнiң алдында әдiлеттiк айтып оған қарсы шығуға хақысы жоқ. Әкесiнiкi бұрыс болса да‚ оған қарсы келе алмайды. Демек әкесiне қарсы шығып‚ оны ренжiткен бала - адам бейне-сiндегi айуан.

Сондай-ақ‚ балаларды Заты Рахимы Кәримнiң сыйы болғандықтан аса мейiрiммен сүю‚ қамқорлық жасап аялау және қызғыштай қорғау - тағы да Аллаhқа тиесiлi. Әрi сол сүйiспеншiлiк Жәнабы Хақ үшiн екенiн көрсететiн дәлел: өлген кездерiнде сабыр сақтап‚ шүкiр ету және үмiтсiздене бет жыртып жыламау керек. Оның орнына: “Жаратушы Иемнiң менiң қолыма берген сүйкiмдi бiр құлы‚ пендесi едi. Қазiр Оның хикметi қалап‚ менен алып‚ бұдан да жақсы жерге жолдады. Менiң бұл құлда сырттай бiр пайым бар болса‚ негiзгi мың пай оның Жаратушы Иесiнiкi‚ барлық үкiм Аллаhтан” деп бойұсыну керек.

Дыбыс жоқ