Бiрiншi аят: он бiрiншi сөзде бұл аяттың ақиқаты шешен және мүғжизелi түрде егжей-тегжейлi баяндалғандықтан‚ бұны соған жүктеймiз.
Екiншi аят: қаншалықты маңызды‚ әрi мәндi ақиқатты бiлдiретiнiне қысқаша тоқталып өтемiз. Осы аят тура мағынасы жағынан былай дейдi: “Дiннен шыққандар өлсе‚ жер мен аспан олар үшiн жыламайды. Керiсiнше алып қарайтын болсақ‚ былай дейдi:
“Иманды жандар дүниеден өтсе‚ жер мен аспан оларға қарап жылайтын болады.” Яғни дiннен безгендер әрине‚ жер мен аспанның мiндеттерiн жоққа шығарады‚ мағыналарын бiлмейдi‚ олардың қадiрiн түсiредi. Жаратушыларын танымайды. Оларды сайқымазаққа салып‚ намысына тиедi‚ жауыздық жасайды. Сондықтан әлбетте‚ жер мен аспан олар үшiн жылау емес‚ қайта оларға жеркене қарайды‚ яғни қарғыс айтады. Олардың арам қатқан кездерiнде қуанады. Ал керiсiнше алатын болсақ: жер мен аспан иманды жандар қайтыс болса жылайды. Өйткенi иманды жандар жер мен аспанның мiндеттерiн бiледi. Негiзгi ақиқаттарын мойындап, олардың бiлдiрген мағыналарын иманымен түсiнедi. “Қандай керемет жаратылған‚ қандай жақсы қызметтерiн атқаруда! деп айтады. Өздерiне лайық бағасын берiп‚ құрмет етедi. Жәнабы Хақтың атынан оларға және оларға оның есiмдерiнiң айнасы деп қарап‚ шын сүйедi. Мiне, сондықтан имандылар өлгенде аспан мен жер бейне бiр жылап тұрғандай‚ жабырқау күй кешедi.