“Әй‚адам! Оның есiмдерi мен сипаттарына тиесiлi сүю қабiлетiңдi басқа пәни жаратындыларға арнама! Пайдасыз болмыс атаулыға берiп қойма! Өйткенi жаратындылар мен туындылар пәни. Бiрақ сол жаратындылар мен туындыларда ою-өрнектерi‚ сәулелерi көрiнiп тұрған әсем есiмдер мәңгi‚ шексiз.Әрi сол есiмдер мен сипаттардың әрқайсысында мыңдаған әсемдiлiк пен жақсылықтардың дәрежелерi, сүйiспеншiлiк пен кәмiлдiктiң мәртебелерi бар. Сен тек қана Рахман19 есiмiне қара: жәннат - оның бiр көрiнiсi‚ мәңгi бақыт - оның бiр сәулесi‚ дүниедегi барша азықтар мен ырыс-нығметтер-оның бiр тамшысы.
Мiне‚ осы теңеу‚ дiннен шыққандар мен иман жолындағы жандардың тұрмысы мен атқарар мiндеттерi жағынан мәнiсiн көрсететiн аят
Сондай-ақ‚ олардың нәтижесi мен ақыры немен бiтетiнiн көрсететiн
аятына көңiл бөл. Айтылған теңеудi қаншалықты ұлы‚ керемет түрде баяндайды десеңiзшi!
Türkçe
English
العربية
Pyccĸий
français
Deutsch
Español
italiano
中文
日本語
Кыргыз
o'zbek
azərbaycan
Türkmence
فارسى