Өйткенi ол жолдағы бiр ғана ләззаттың кейде мыңдаған қасiретi бар. Сондай-ақ‚ нағыз және мәңгi ләззат болып табылатын Рахманның қошеметiнен мақрұм қалуға себепшi. Әрi дiннен шыққандардың жолы аталып өткенiндей адамды азғындыққа салып‚ құлдырататыны сондай‚ ешқандай қоғамның мәдениетi‚ ешбiр философия оған шара таба алмаған‚ сондай-ақ‚ сол түпсiз қараңғылықтан ешқандай адамзаттың өркениетi‚ ешбiр ғылымның жетiстектерi одан құтқара алмайды. Тек Құраны Хаким ғана иман және iзгi амалдар арқылы құлдыраудың ең төменiнен адамды Жаратушының алдындағы ең ұлы мәртебеге шығарады. Әрi шығаратынына бұлтартпас айғақтар келтiрiп дәлелдейдi. Әлгi терең шыңырауды рухани жетiстiктердiң баспалдағымен және рухани өркендеудiң жиhаздарымен толтырып отырады.
Сондай-ақ, адамның мәңгiлiкке кететiн ұзақ ‚ алай- дүлей дауылды сапарын өте жеңiлдетiп‚ оңайлатады. Мың‚ тiптi елу мың жылдық жолды бiр күнде кесiп өтетiн шарасын тауып бередi.
Türkçe
English
العربية
Pyccĸий
français
Deutsch
Español
italiano
中文
日本語
Кыргыз
o'zbek
azərbaycan
Türkmence
فارسى