ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | 64
(1-151)

Әрi адамдар‚ жан-жануарлар сияқты болмыс атаулы бостан емес‚ қайта мiндеттi қызметкерлер болып табылады. Олар бiр Хакимi Рахимның66 бақылауында. Олардың қайғылары мен қиыншылықтарын ойлап‚ жаныңды қинама. Және олардың Халиқы Рахимының18 мейiрiмiнен артық мейiрiм жасаймын деп даурықпа .Әрi саған дұшпан көрiнген улы микробтан бастап‚ сонау оба‚ топан‚ аштық‚ зiлзалаға дейiнгi барша нәрселердiң тiзгiнi сол Рахимi Хакимнiң66 қолында. Ол -Хаким35‚ әбестiк жасамайды. Ол - Рахим36‚ мейiрiмдiлi-гiнде шек жоқ. Iстеген әр iсiнде жарылқауының бiр нышаны бар”.

Әрi: “мына әлем‚ расында тұрақсыз пәни‚ бiрақ мәңгi әлемнiң қажеттi нәрселерiн дайындайды. Шынында өткiншi‚ баянсыз екенi анық‚ бiрақ мәңгi жемiстер бередi және мәңгi Жаратушының мәңгi есiмдерiнiң сәулелерiн көрсетедi. Расында да ләззаттары аз‚ қайғысы көп‚ бiрақ Рахманы Рахимнiң67 жақсылықтары бiтпейдi‚ нағыз ләззаттың өзi. Қайғылар болса‚ сауап жағынан қарағанда рухани ләззатқа жеткiзедi.

Иә‚ адал жолдағы тұрмыс - рух пен жүректiң‚ нәпсiнiң алатын барша ләззаттарына‚ шаттануына‚ рақаттарына толық жетедi. Оның тысындағы қауiптi жолға түспе.

Дыбыс жоқ