Кейбiрi сендердi мүлдем танымайды. Таныса да сендердi жақсы көрмейдi. Жақсы көрсе де‚ олардың сендерге пайдасы жоқ. Үнемi осындай есепсiз қоштасулардан‚ үмiтсiздене келмеске кететiндей айрылулардан азап-қорлық көрудесiңдер.
Мiне‚ дiннен шығып адасқандардың “өмiрдiң бақыты‚ адамның өркендеуi‚ мәдениеттiң жетiстiктерi, еркiндiктiң рақаты” деп жүрген нәрселерiнiң шын мәнiсi мен iшкi сыры - осы. Азғындық пен мастық бiр перде‚ ол уақытша сездiрмейдi.“Олардың ақылына тфуу!” де.
Алайда Құранның нұрлы жолына келетiн болсақ‚ дiннен шыққан байғұстардың бүкiл жараларын иман ақиқаттарымен емдеп жазады. Бастапқы жолдағы барша қараңғылықты сейiлтедi. Адасушылық пен құрдымның барлық есiктерiн жабады. Былайша:
Адамның әлсiздiк пен дәрменсiздiгiн‚ пақырлық пен мұқтаждығын Қадиры Рахимге64 тәуекел еткiзiп‚ емдеп бередi. Өмiр мен тұрмыс тауқыметiн Оның құдiретiне‚ мейiрiмiне тапсырып‚ ол ауыр жүктi мойнына емес‚ қайта өзi сол өмiр мен нәпсiне мiнгендей бiр жылы орын табады. Өзiнiң “сөйлейтiн бiр айуан” емес‚ керiсiнше нағыз адам және Рахманның қадiрлi қонағы екенiн бiлдiредi.