Мұндай күйдегi жолаушы‚ әрине‚ барлық ұщы- қиырсыз алаңдар мен кең-байтақ шекараларды қол астында ұстап‚ басқарып тұрған бiреуге арқа сүйеуi керек.
Тағы да әй‚ дiннен шыққан және бейқам жүрген бей-шаралар! “Орынсыз қолданған махаббаттың ақыры аяусыз азап шегу“ деген қағиданың сыры бойынша‚ сендер бойларыңдағы Жәнабы Хақтың өзiне‚ сипатына‚ есiмдерiне арналған махаббат пен сауаттылық қабiлетiн‚ шүкiр ететiн‚ құлшылық ететiн мүшелердi нәпсiлерiңе және дүниеге заңсыз түрде жұмсағандықтарыңнан өте орынды түрде жазасын тартудасыңдар. Өйткенi Жәнабы Хаққа тиесiлi махаббатты нәпсiлерiңе арнадыңдар. Сөйтiп жақсы көрген нәпсiлерiңнiң сансыз қайғысын шегудесiңдер. Себебi ынтық болған сол нәпсiлерiңдi нағыз рақатына бөлемедiңдер. Әрi оны шын сүюге лайық Қадиры Мұтлаққа63 тәуекел деп тәсiлiм етпейсiңдер. Осылайша үнемi қасiретiн шегудесiңдер.
Сондай-ақ‚ Жәнабы Хақтың есiмдерi мен сипаттарына тиесiлi махаббатты дүниеге арнадыңдар‚ жаратылған туындыларын әлемнiң себептерiне бөлiп бердiңдер‚ сөйтiп бастарыңа бәле тауып алдыңдар. Өйткенi ондай сансыз сүйiктiлерiңнiң бiрсыпырасы сендерге “Құдайға аманат‚” демей сырт айналып‚ тастап кете бередi.