ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | 59
(1-151)

Сосын бүкiл жаратындыларды‚ әрi Жәнабы Хақтың есiмдерiн‚ хаттарын жоққа шығарып‚ қадiрiн кетiрiп‚ қорлағандықтан мейiрiмдiлiк пен жанашырлықтан тысқары қалып қана қоймай‚ төзгiсiз азап шегуге лайықты болады. Ондай адамға ешқандай қайырымдылық жасауға болмайды.

Мiне‚ әй‚ дiннен безген сорлылар мен нәпсiқұмар байғұстар! Мына аталған қорқынышты құлдырау мен жанды инайтын үмiтсiздiкке қайсы өркениеттерiң‚ қайсы ғылымдарың‚ қайсы жетiстiктерiң‚ қайсы мәдениеттерiң‚ қайсы табыстарың қарсы тұра алады? Адам жанының қатты қалап‚ мұқтаж болған нағыз медеттi қайдан таба аласыңдар?

Әрi өздерiңше сенiм артып‚ арқа сүйеп жүрген және Иләhи жаратындылар мен Раббани62 сыйлықтарды еншiлеп берген қайсы табиғаттарың‚ қайсы себептерiң‚ қайсы серiктерiң‚ қайсы жаңалықтарың‚ қайсы ұлттарың‚ қайсы жалған құдайларың сендердi мәңгi жоқтық деп өздерiңше ойлаған өлiмнiң қорқынышынан құтқарып қабiрдiң шегiнен‚ барзахтың шегiнен‚ махшардың шегiнен‚ сырат көпiрiнен емiн-еркiн өткiзе алады және мәңгi бақытқа жеткiзе алады? Алайда қабiр есiгiн жаба алмаған-дықтарыңнан сендер сөз жоқ бұл жолда жолаушысыңдар.

Дыбыс жоқ