жайылған дастархан басында‚ сүйiктi қимас достарының арасында орынды да тәттi‚ әсем‚ ұнамды‚ адал ләззат пен көңiл көтерудi мiсе тұтпай‚ заңсыз және жағымсыз ләззат үшiн былғаныш‚ ащы iшiмдiк iшiп мас болса‚ сөйтiп өзiн суық қыс ортасында‚ ластанған жерде‚ тiптi айуандармен бiргемiн деп қызыл өңеш болып‚ айқайлап шуласа‚ әрине‚ жанашырлыққа лайық емес. Өйткенi абыройлы‚ қадiрлi достарын айуанға санап‚ оларды сайқымазаққа салады.
Әрi дастархандағы тәттi тағамдарды‚ таза ыдыстарды былғаныш‚ лас тастарға теңеп‚ сындыра бастайды. Отырыстағы қымбатты кiтаптар мен мағыналы хаттарды жөн-жосықсыз‚ мағынасыз ою-өрнектер деп долбарлап‚ жыртып-жыртып аяқ асты етедi‚ тағысын тағы... Мұндай адам мейiрiмге лайық емес‚ қайта жұдырық жеуге лайық.
Сол сияқты: жөн-жосықсыз әрекетiнен туындайтын күпiрлiк мастығымен және адасушылықтың бассыздығымен Саниы Хакимнiң 40 мына “дүние” атты қонақ үйiн кездейсоқтық пен табиғаттың ойыншығы деп ойлап‚ Аллаhтың әсем есiмдерiнiң көрiнiстерiн жаңартып отырған жаратынды туындыларын заман ағымымен мiндетiн аяқтап‚ ғайып әлемiне өтулерiн жойылды‚ құрдымға кеттi деп долбарсиды‚ әрi тәсбих61 еткен дауыстарын қоштасу мен мәңгiге айрылысудың жоқтауы деп ойлағандықтан сондай-ақ‚ Сәмадани48 хаттар болып табылатын мына болмыс атаулыны мәнсiз‚ астаң-кестеңi шыққан деп долбарлап‚ мейiрiмдiлiк әлемiне жол ашатын қабiр есiгiн жойылу түнегiнiң есiгi деп‚ ал ажалды шынайы достарға қауышу үшiн шақырылу деп ойламай‚ барша достардан айырылу кезегi деп болжалдап ойлағандықтан ең әуелi өзiн жан шошырлық ауыр азапқа салады.