ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | 55
(1-151)

Жауабына бiзде Құран атынан былай деймiз:

“Әй‚ шарасыз адам! Ақылыңды жи. Дiннен безгендердiң өкiлiн тыңдама. Егер оны тыңдасаң залал шегетiнiң сондай‚ ойлаудың өзi ақыл мен жүрегiңдi, жаныңды түршiктiредi. Сенiң алдыңда екi жол бар:

Бiрi - дiннен шыққандардың өкiлi көрсеткен қауiптi жол.

Екiншiсi - Құраны Хаким сiлтеген бақытты жол.

Ендеше осы жолдың қыруар теңеулерiн көптеген сөздерде‚ әсiресе‚ “Кiшi сөздерде” көрдiң және түсiндiң. Қазiр орайы келген соң мыңдаған теңеулерден бiреуiн тағы да тыңдап көр және түсiн:

Ширк57 пен дiннен безушiлiк‚ пасықтық пен азғындық жолы адам баласын әбден құлдыратып жiбередi. Шексiз қайғыға салып‚ өте ауыр жүктi дәрменсiз де әлсiз мойынға жүктейдi. Өйткенi адам Жәнабы Хақ тағаланы танымаса және Оған тәуекел етпесе‚ онда өте әлсiз‚ тым дәрменсiз‚ есепсiз қажеттiлiктерге мұқтаж‚ пақыр‚ сансыз қасiреттерге душар‚ сорлы, байғұс бiр пәни айуан тәрiздес барша сүйген және қатынаста болған қоршаған ортадан толассыз айрылып отырады да‚ азапқа күйiне-күйiне‚ ақырында өзiнен кейiн қалған бүкiл сүйiктiлерiн аянышты халде тастап қабiр түнегiне жалғыз өзi кiредi.

Дыбыс жоқ