ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | 66
(1-151)

Сондай-ақ‚ Әзел мен Әбед Сұлтаны68 болған Заты Зүлжәлалдi таныттырып‚ адамды оған бiр қызметкер құл және жауапкер қонақ етедi‚ әрi “дүние” қонақ үйiнде‚ барзах пен ақырет өткелдерiнде мәз-мейрам саяхаттауына ықпал жасайды. Мәселен‚ бiр патшаның адал қызметкерi патшаның елдi мекендерiн‚ әрi әр облыстың шекарасынан ұшақ‚ кеме‚ пойыз сияқты жедел тасымалдау жүйелерiмен оңай өтедi және қыдырады. Сол сияқты Әзәли Сұлтанға иманымен қол астына кiрген және iзгi амалымен бойұсынған бiр адам: мына “дүние” қонақ үйiндегi бөлмелерден‚ барзах23әлемiнен‚ махшар24әлемiнiң алаңы-нан‚ тағысын тағы қабiрден кейiнгi барша әлемдердiң кең байтақ шекараларынан найзағай мен пырақтың жылдамдығымен өте шығады да мәңгi бақытын табады. Әрi осы ақиқатты нақты дәлелдеп бередi және асфиялар25 мен әулиелерге көрсетедi.

Сондай-ақ ‚ Құран ақиқаты тағы да былай дейдi: “Әй‚ иманды адам! Өз бойыңдағы соңсыз махаббат қабiлетiңдi нашар‚ нұқсан келтiретiн зиянкес‚ жүгенсiз кесiрлi нәпсiңе арнама! Оны сүйiп‚ айтқанын iстеп табынушы болма! Қайта бойыңдағы шексiз сүйiспеншiлiк қабiлетiңдi шексiз сүйiспеншiлiкке лайық; сансыз жарылқауын саған сыйлайтын; болашақта сенi мәңгi бақытқа бөлейтiн; арақатынаста болған және қуанышына ортақ болған барлық адамдарыңды жарылқап бақытқа бөлейтiн; шексiз кәмiлдiкке ие болған; шексiз дәрежеде қасиеттi‚ ұлы‚ нұқсандық атаулыдан пәк; кемшiлiксiз, мiнсiз, бiтпес сұлулық иесi болған; барша есiмдерi шексiз мәртебе керемет сұлу болған ; әрбiр есiмiнде қыруар сұлулық пен әсемдiк нұрларын шашқан ; жәннат барша әсемдiктерi және нығметтерiмен Оның мейiрiм- шапағатын‚ сұлулығының әсемдiгiн көрсететiн; бүкiл әлемдегi сүйiктi және сүйiлген барша әсемдiктер мен сұлулықтар‚ көрiктер мен кәмiлдiктер Оның әсемдiгiн‚ кәмiлдiгiн меңзеген‚ әрi дәлелдерi болып табылатын бiр Аллаhты өзiңе Сүйiктiм‚ Табынушым деп бiл!

Дыбыс жоқ