ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | 69
(1-151)
Маңызды бiр сұрақ

Махаббат пен сүйiспеншiлiк қолымда тұрған нәрсе емес. Жаратылысымдағы мұқтаждығыма орай тәттi тағамдар мен жемiстердi жақсы көремiн. Ата-ана мен балаларымды сүйемiн. Өмiрлiк жолдасымды сүйемiн.Достарым мен қимас бауырларымды сүйемiн. Пайғамбарлар мен әулиелерге сүйiспеншiлiгiм бар. Өмiрдi‚ жастық шақты сүйемiн. Көктемдi‚ тамаша нәрселердi және дүниенi сүйемiн. Бұларды қалай сүймеске? Бұл махаббаттардың барлығын Жәнабы Хақтың өзiне‚ сипаттары мен есiмдерiне беру дегенiмiз не? Бұл қалай болғаны? -деп сұрайсың.

Жауабы: “Төрт нүктеге” құлақ сал.

Бiрiншi нүкте: Иә‚ расында махаббат қолда тұрған нәрсе емес. Бiрақ өз қалауыңмен махаббатты екiншi бiр сүйiктiге бұру қолыңда. Мәселен‚ сүйген нәрсеңнiң кемшiлiктерiн көрсету арқылы немесе шын сүюге лайық болған басқа бiр сүйiктiге перде және айна екендiгiн көрсету арқылы махаббатыңды пәни сүйiктiден нағыз сүйiктiге бұруға болады.

Дыбыс жоқ