Екiншi нүкте: Айтқан сүйiктiлердi “сүйме” демеймiз. Қайта оларды Жәнабы Хақ үшiн‚ Оған деген махаббатың арқылы “сүй” деймiз. Мәселен‚ тәттi тағамдар мен жемiстердi Жәнабы Хақтың сыйлығы және сол Рахманы Рахимның рызығы деп сүю - Оның “Рахман”‚ “Мүним69” есiмдерiн сүю деген сөз. Әрi мағыналық шүкiр болып табылады . Осы сүйiспеншiлiктiң тек нәпсi үшiн ғана емес‚ Рахман үшiн екенiн көрсететiн нәрсе - рұқсат еткен адал жолында қанағатшылдықпен табу және ойлана‚ шүкiр ете отырып жеу.
Әрi ата-ананы мейiрiмдiлiгiне бөлеген‚ сенi олардың қамқор қолымен аялап‚ тәрбие еттiрген хикмет пен мейiрiмдiлiк үшiн оларға деген құрметiң‚ сүйiспеншiлiгiң - Жәнабы Хақтың махаббатынан бастау алуда. Сол құрметпен сүйiспеншiлiк‚ қамқорлық Аллаh үшiн екенiне дәлел: олардың қартайған шағында‚ саған ешқандай пайдасы тимей‚ қолыңа қарап қалған кездерiнде оларды анағұрлым артық сүйiп‚ қамқор болып‚ жанашырлық жасау. Құрандағы
Türkçe
English
العربية
Pyccĸий
français
Deutsch
Español
italiano
中文
日本語
Кыргыз
o'zbek
azərbaycan
Türkmence
فارسى