Достар мен қимас жолдастарға келсек‚ егер де олар иман және iзгi амалдары арқылы Жәнабы Хақтың достары болса‚ “Аллаh үшiн сүю” сыры бойынша‚ ол да Хаққа тиесiлi.
Әрi өмiрлiк жарыңды Иләhи мейiрiмдiлiктiң жанға жақын‚ нәзiк сыйлығы ретiнде сүй және оған махаббатың-ды арна. Бiрақ тез бұзылатын тән сұлулығын сүйме. Қайта әйелдiң ең тартымды‚ ең тәттi сұлулығы - әйелдiгiне тән жұмсақтығы‚ нәзiктiгi iшiндегi жан сұлулығы. Әрi ең қымбатты‚ ең тәттi әсемдiгi болса‚ ғажап және шын көңiлден келетiн‚ күн нұрлы мейiрiмiнде. Осы мейiрiмдiлiк әсемдiгi мен жан сұлулығы өмiр соңына дейiн жалғасып‚ арта бередi. Сондай нәзiк те жаз дидарлы‚ сұлу жараты-лысқа деген құрмет осы сүйiспеншiлiк арқылы сақталып қалады. Әйтпесе тән сұлулығынан айрылғанда‚ ең мұқтаж болған кезiнде бейшара амалсыз қалып‚ қадiр-қасиетiн жоғалтады.
Сондай-ақ‚ пайғамбарлар мен әулиелердi сүю - Жәнабы Хақтың сүйiктi құлдары болғандықтан‚ Жәнабы Хақтың атынан және Ол үшiн. Әрi осы тұрғыдан Оған тиесiлi.