ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | 74
(1-151)

Қорытынды: Дүние мен ондағы жаратындыларды мағнаи харфи70 арқылы сүй. Мағнай исми71 арқылы сүйме. “Қан-дай тамаша жаратылған” деп айт. “Қандай тамаша” деп айтпа. Әрi жүрегiңде басқа сүйiспеншiлiктердiң тұтануына жол берме. Өйткенi жүректiң iшкi сезiмi - Аллаhтың Самед72 айнасы және Оған тиесiлi.

деп айт.

Мiне‚ айтылып өткен барша сүйiспеншiлiктер егерде суреттегенiмiздей болса‚ қайғысыз ләззат бередi‚ бiр жағынан таусылмайтын қауышу және Аллаhқа деген махаббатты арттырады. Әрi орынды сүйiспеншiлiк, ләз-заты мол шүкiршiлiк және махббатқа толы пiкiр болып табылады.

Мәселен‚ жоғары мәртебелi патша саған бiр алма сыйлады. (сiлтеме). Сол алмаға деген екi сүйiспеншiлiк және онда екi ләззат бар.

Бiрiншiсi: алма алма болғаны үшiн жақсы. Әрi алмаға тән және онда алманың үлкендiгiндей ғана ләззат бар. Бұл сүйiспеншiлiктiң патшаға қатысы жоқ. Қайта оның алдында сол алманы ала салып‚ жеген адам патшаны емес‚ алманы жақсы көредi және нәпсiсiн сүйедi.

Дыбыс жоқ