Егер Жәнабы Хақтың мейiрiмдiлiк сыйлығы және қошеметiнiң жемiстерi деп сүйсе‚ әрi сол сыйлығы мен қошеметiнiң дәрежесiн бағалап‚ қадiрiн бiлу арқылы нағыз тәбетi ашылып ләззат алса‚ мағыналы шүкiр және қай-ғысыз ләззат болып табылады.
шiншi нүкте. Жәнабы Хақтың есiмдерiне арналған сүйiспеншiлiктiң дәрежелерi бар. Жоғарыда атап өткенi-мiздей: кейде жаратындыларға деген сүйiспеншiлiгi арқылы есiмдердi сүйедi. Кейде есiмдердi Аллаhтың кемелдiгiнiң сипаттамалары деп сүйедi.
Адам табиғатының жан-жақтылығы тұрғысынан шексiз көп нәрселерге мұқтаж болғандықтан‚ кейде есiмдерге мұқтаж және құштар болады. Әрi сол мұқтаждығымен сүйедi. Мәселен‚ сенiң барша сүйген туған-туысқандарыңа‚ кедейлерге‚ әлсiздерге‚ мұқтаж жандарға жаның ашып‚ көмектескiң келiп тұрған шағыңда‚ бiр кiсi келiп оларға қалағаныңдай жақсылық жасаса‚ ол кiсiнiң “мейiрбан” және “жомарт” деген есiмдерi саған қатты ұнайды.
Türkçe
English
العربية
Pyccĸий
français
Deutsch
Español
italiano
中文
日本語
Кыргыз
o'zbek
azərbaycan
Türkmence
فارسى