Ол кiсiнi сол есiмiмен қатты сүйесiң. Сол сияқты Жәнабы Хақтың тек Рахман және Рахим деген есiмдерiн ойла: сенiң жаныңдай жақсы көрiп‚ жаның ашыған барша иманды ата-бабаларыңды‚ туысқандарыңды‚ достарыңды дүниеде сан алуан нығметтерiне бөлеп‚ жәннатта сан қилы ләззаттарын татқызады да‚ мәңгi бақыт мекенiнде оларды саған көрсетедi және сенi оларға көрсетiп бақытқа бөлейдi.
Ол тұрғыдан “Рахман” мен “Рахим” есiмдерiнiң қаншалықты сүюге лайық екенiн‚ әрi адам жаны бұл екi есiмге қаншалықты мұқтаж екендiгiн салмақтап көр. Сонда қаншалықты
- дiң орынды екенiн түсiнерсiң.
Сондай-ақ‚ саған кiндiктес‚ қайғысына ортақ болған сенiң бiр жағынан үйiң болып есептелетiн және iшiндегi жаратындылар сенiң сол үйiңнiң күнделiктi қажеттiлiктерi мен сүйкiмдi әшекей бұйымдары болып есептелетiн -дүниенi‚ сонымен бiрге қойнауындағы болмыс атаулыны өте хикметтi түрде реттеп‚ құрастырып‚ тәрбиелеп отырған Жаратушының “Хаким” және “Мүрәбби73” есiмдерiне сенiң жаның қаншалықты мұқтаж‚ қаншалықты құштар екенiңдi көңiл бөлсең түсiнерсiң.