ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | 80
(1-151)

Мiне, сол сияқты Жәнабы Хақтың әдiлдiгi мен хикметi қамтыған “Хақ79” және “Рахманиррахим80” есiмдерiнiң сәулесiн көргiң келсе, көктем мезгiлiнде, жер бетiне шатырларын құрған орасан төрт жүз мың түрлi ұлттардан тұратын өсiмдiктер мен жануарлар атты гарни-зонға қара: бұл ұлттар мен түрлердiң барлығы бiр-бiрiмен араласып-құраласып жатса да, әрқайсының киiмi бөлек, тамағы бөлек, қаруы бөлек, өмiр жолы бөлек, тәлiм-тәрбиесi бөлек, қызметтен шығулары да басқа-басқа, әрi сол қажеттерiн табуға олардың күш-қуаттары мен тiлектерiн айтатын тiлдерi болмаса да, өз хикметi мен әдiлдiгiн орнатып жүйелi тәртiп пен жөнге салған “Хақ”,“Рахман”,“Рәззақ81”,“Рахим” және “Кәрим” есiмдерiн тамашалап қара. Қалай ғана ешқайсын шатастырмай, ұмытпай, жаңылыстырмай жөнге салып, тәрбиелеп, басқарады?

Мiне, мұнша таңқаларлық әр жақты тәрбие мен жүйелi тәртiппен атқарылған iстерге басқалардың қолы араласуы мүмкiн бе? Уахиды Ахад82, Хакимы Мұтлақ83,Қадиры Кулли Шейден84 басқа мұндай өнерге, тәрбиеге, жүйеге, басқару iстерiне қайсысы қол сұға алады? Қайсыбiр себеп араласа алады?

Дыбыс жоқ