Сол жарыңды шын көңiлден сүйiп, рақымдылық етсең, ол да сенi адал көңiлден қасиет тұтып, шын сүйедi. Екеуiң қартайған сайын жаңағы махаббаттарың артып, қоса ағарып, бақытты өмiр сүресiңдер. Әйтпесе тән сұлулығына деген махаббат нәпсiге арналса, өйтiп тұтанған махаббат оты тез өшедi, әрi жан ұяның шырқын да бұзады.
Ата-анаға деген сүйiспеншiлiгiң Жәнабы Хақ үшiн болғандықтан ол да бiр құлшылық, сондай-ақ, олар қартайған сайын сый-құрмет пен сүйiспеншiлiгiңдi арттырасың. Ақ жүректi ұлы сезiммен, нағыз еркекше жiгерленiп, олардың өмiрiнiң ұзақ болуын шын көңiлден тiлеп, дұға арнау, әрi “олардың арқасында бұдан да көп сауап алайын” деп адал көңiлден қасиет тұтып , олардың қолынан сүю орасан рухани ләззат алу болып табылады.
Әйтпесе нәпсiге арналып дүние үшiн болса, олар қартайған кезiнде, саған ауыр салмақ салатындай уақыт келгенде, ең арам пиғылмен және қара ниеттi оймен оларды ауырсыну - өмiрге келуге себепшi болған сол аяулы жандардың өлiмiн тiлейтiндей айуанға тән және қайғылы, рухани азап емес пе.