ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | 81
(1-151)

Төртiншi нүкте: “Менiң тағамдарға, өзiме, өмiрлiк жарыма, ата-анама, бала-шағама, туысқандарыма, әулиелерге, пайғамбарларға, керемет нәрселерге, көктемге, дүниеге деген алуан түрлi сүйiспеншiлiктерiм Құранның әмiр еткенiндей болса қандай нәтижелерi мен пайдалары бар?” деп айтасың.

Жауабы: барлық нәтижелердi баяндау үшiн үлкен кiтап жазуға тура келедi. Әзiрге тек қысқаша түрде бiр-екi нәтижесiн көрсетемiз. Әуелi дүниедегi нақты нәтижелерi баяндалады. Сосын ақыретте ортаға шығатын нәтижелерi айтылады. Былайша:

Жоғарыда атап өткенiмiздей: байқаусыз қапы жүрген, дүниежанды адамдардай және нәпсi үшiн тұтанған сүйiспеншiлiктiң дүниеде пәлекеттерi, қапылықтары, қайғылары қыруар, ал ләззаттары, рақаттары мен қуаныштары болса аз. Мәселен, мейiрiмдiлiк - әлсiздiк пен шарасыздықтың салдарынан аянышты қайғыға айналады. Сүйiспеншiлiк - айырылысудың салдарынан өзегiңдi өртейтiн күйiкке айналады. Ләззат - таусылып, түгесiлудiң салдарынан улы шәрбат болады. Ақыретте болса, Жәнабы Хақ үшiн болмағандықтан, я пайдасы жоқ, я азапқа айналады, егерде күнәға батқан болса.

Дыбыс жоқ