ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | 86
(1-151)

Өйткенi сол керемет жаратылыстардан Иләhи iстердiң әсемдiгiне назар аудартады. Одан Иләhи есiмдердiң әсемдiгiне, одан Иләhи сипаттардың әсемдiгiне, одан Заты Зүлжәлалдың теңдессiз әсемдiгiне қарай жүрекке жол ашады. Мiне, оларға деген сүйiспеншiлiк осындай болса, ләззатты , әрi құлшылық, әрi зерделi көзқарас болып табылады.

Жастық шаққа арналған сүйiспеншiлiк болса, егерде Жәнабы Хақтың керемет сыйлығы деп сүйсең, әлбетте оны құлшылықпен өткiзесiң және нәпсiқұмарлыққа берi-лiп өлтiрмейсiң. Олай болса, жас кезiңде тапқан құлшы-лықтар - сол уақытша жастық шағыңның мәңгi жемiстерi. Сен қартайған сайын жастық шағыңның игiлiктерi болып табылатын мәңгi жемiстерiне қолың жетедi, сондай-ақ жастықтың буына мастанудан және зияндарынан құтыласың. Әрi қартайғанда одан да артық құлшылық етуге және Аллаhтың мейiрiмiне анағұрлым жақындай түскенiңдi ойлайсың. Бейқам жүрген дүниеқорлар сияқты бес-он жылдық жастық шақтың ләззатына қарсы елуге келгенде “ойбай, жастық шағымыз кеттi!” деп байбайлап, жасты-ғыңа жыламайсың. Мысалыға, сондайлардың бiреуi:

Дыбыс жоқ