ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | 89
(1-151)

Мәселен, көз суреттердегi сұлулықтарды және қоршаған әлемдегi әсем құдiреттiң алуан қилы ғажайып-тарын тамашалайды. Мiндетi - оятушы назармен қарап Ұстасына шүкiр ету. Назарлауға тиесiлi ләззат пен қасiрет мәлiм болғандықтан түсiндiрудiң қажетi жоқ.

Мәселен, құлақ дауыстардың түрлерiн, нәзiк саздарын және дыбыстар әлемiнде Жәнабы Хақтың мейiрiм-шапағатының әсемдiлiктерiн сезедi. Өз алдына бiр құлшылығы, бөлек бiр ләззаты және басқалай бiр ақысы бар.

Мәселен, мұрын иiстер әлемiндегi мейiрiмдiлiктiң жұпар иiсiн сезедi. Өзiне меншiктелген шүкiр ету мiндетi, бiр рақаты бар. Әлбетте, алар ақысы да бар.

Мәселен, тiл бүкiл тағамдардың дәмдерiн сезiп, түсiнiп, алуан қилы рухани шүкiр арқылы мiндетiн орындайды, тағысын тағы.... Адамның бүкiл мүшелерi мен жүрек, ақыл-ес, рух сияқты үлкен, әрi маңызы зор сезiмдерiнiң осындай басқа басқа мiндеттерi, ләззаттары мен қасiреттерi бар.

Мiне, Жәнабы Хақ, Хакимы Мұтлақ әрине, адам бойында қызмет еткен осы мүшелердiң әрқайсысына лайық ақыларын бередi.

Дыбыс жоқ