Мiне, сүйiктi болған кейбiр нәрселердi Құранның үйреткен жолымен сүйгенде оның жүздеген игi жақтарының небәрi бiреуiн ғана көрсеттiк. Құранның көрсеткен жолында болмаса, оның жүздеген залалдарының бiреуiн ғана ишараттадық. Ендi осы сүйiктiлердiң мәңгi мекенде, ақырет әлемiнде, Құраны Хакимнiң дәлелдi аяттарымен көрсетiлген нәтижелерiн естiп, түсiнгiң келсе сол алуан түрлi адал сүйiспеншiлiк-тердiң ақыреттегi нәтижелерiн “бiр кiрiспе” мен “тоғыз ишарат” арқылы әрбiрiнiң жүзден бiр пайдасын қысқаша баяндаймыз.
Жәнабы Хақ айбынды улухиетiмен86, сұлу рахметiмен87, ұлы рубубиетiмен31, жомарт рефетiмен88, алып құдiретiмен, жасырын хикметiмен мына кiшкене адамның бойын мұншама сезiмдер мен мүшелермен, мұншама жиhаздар мен аспаптармен, алуан қилы ағзалар мен құралдармен, сан түрлi ой-өрiс пен рухани жақтан жабдықтап безендiрген. Мұндағы мақсаты - алуан қилы және көптеген сезiм мүшелер арқылы сансыз нығметтерiнiң қилыларын, сыйлықтарының түрлерiн, мейiрiмiнiң дәрежелерiн адамға сездiрiп, бiлдiрiп, таттырып, таныстыру. Сондай-ақ, мың бiр есiмiнiң алуан түрлi көрiнiстерiн адамға сол құралдар арқылы бiлдiрiп, салмақтап, сүйдiру үшiн. Әрi адамдағы көптеген мүшелер мен құралдардың әрқайсысының қызметi мен құлшылығы басқа басқа болғанындай, ләззаты мен қайғысы да, мiндетi мен ақысы да, басқа-басқа.