Бұл жерде жемiс жейсiң, ол жақта “әлхамду лилләh” жейсiң. Сонымен қатар ырыс-нығметте, тағам iшiнде Аллаhтың жарылқауы мен Рахманның қошеметiн байқайсың. Сондықтан әлгi тәттi, әрi мағыналы шүкiр жәннатта өте ләззатты, тәттi тағам бейнесiне енiп, саған берiлетiнi хадисте де айқындалып, Құранда да көрсетiлген ақиқат. Әрi хикмет пен мейiрiм-дiлiктiң де талабымен анықталған.
Екiншi ишарат: Дүниеде орынды түрде нәпсiңе деген сүйiспеншiлiк, яғни оны жақсылап, игiлiктерiн сүю емес, қайта кемшiлiктерiн көрiп, түзеуге тырысып, жанашыр-лықпен оны тәрбиелеп, жақсылыққа бағыттаудың нәтижесi: сол өзiне лайық сүйiктiлердi жәннатта бередi. Егерде нәпсi дүниеде әуестiк пен құмарлығын Жәнабы Хақ жолында жөнiмен қолданса және мүшелерi мен сезiмдерiн орынды жерде пайдаланса, Кәримi Мұтлақ89 оған дүниедегi адал, әрi құлшылық жолында сарп етiлген сүйiспеншiлiктiң нәтижесi ретiнде Жәннатта, әрi сол жақтың жетпiс алуан қилы әшекейлерi мен әсемдiлiктерiнiң үлгiлерi болып табылатын жұмақтың жетпiс түрлi киiмiн кигiзiп, нәпсiнiң барлық сезiмдерiн разы етiп, сүйiндiретiн жетпiс түрлi әсемдiктермен бойын безендiрiп, әрi әрқайсысы жанды, кiшкене бiрегей жәннат тәрiздi хор қыздарын сол мәңгi әлемде беретiнiн көптеген аяттар айқындап дәлелдеген.