Сонымен қатар дүниеде жастық шаққа сүйiспеншiлiк‚ яғни жастықтың күш-қайратын құлшылыққа жұмсаудың нәтижесi - бақыт отанында мәңгi жастық шақ.
шiншi ишарат: Өмiрлiк жарыңа деген заңды махаббат‚ яғни оның жанашыр мейiрiмiне, жаз дидарлы мiнезiне‚ жан сұлулығына деген шынайы сүйiспеншiлiгiңдi арнап‚ оны түрлi жат қылықтардан‚ басқа да күнәлардан сақтаудың ақыреттегi нәтижесi: Рахимы Мұтлақ90 сол өмiрлiк жарыңды хор қыздарынан да сұлу‚ әлдеқайда сәндi үлде мен бүлдеге орап‚ көз тоймас көрiктi етiп, бақыт әлемiнде мәңгi өмiрлiк жолдас ретiнде және дүниеде бастан кешiрген оқиғаларын бiр-бiрiне рақаттана‚ шаттана айтатын‚ әрi өткен күндердiң естелiктерiн бiр-бiрiнiң есiне түсiрiп‚ сырласатын жанға жақын‚ нәзiк‚ өмiр бақи айрылмас жұбай‚ сүйiктi де ардақты жансерiк түрiнде қайтып беретiнiн уәде еткен. Әлбетте‚ уәдесiн бұлтартпай орындайтын болады.
Төртiншi ишарат: Ата-ана мен балаларға деген адал сүйiспеншiлiктiң нәтижесi болса‚ Құранда анық айтылғандай: олардың дәрежелерi әр түрлi болса да‚ Жәнабы Әрхамуррахимин91 бақытты жан ұяны жәннатқа лайық мұсылманша қарым-қатынас бейнесiнде‚ мәңгi әлемiнде өмiр бақи қайта қауыштырып‚ тағы да шын көңiлден дидарластырып‚ тәттi сұхбаттастырады.